Шымкенттік кәсіпорын өнімдерін Ресей мен Украинаға экспорттайды

1258

Зауыт жылына 5 мың тонна мақта целлюлозасын шығарады. 

Шымкенттік кәсіпорын өнімдерін Ресей мен Украинаға экспорттайды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

2006 жылы құрылған "Хлопкопром-Целлюлоза" ЖШС Шымкент қаласының "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан. Зауыт 6,5 гектар аумақты алып жатыр. Кәсіпорында 300-ден астам адам жұмыс істейді.

"Хлопкопром-Целлюлоза" ЖШС – әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетін мақта целлюлозасын, карбоксиметилцеллюлоза және полианионды целлюлоза өндіретін Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Негізгі шикізат  – компанияға тиесілі екі мақта тазалау зауытында өндірілетін мақта линті. Жыл сайын Қазақстанда шамамен 9 мың тонна линт өндірілсе, оның 7 мың тоннадан астамын осы зауыт алады.

Өзінің шикізат базасының болуы компанияға тиімді баға саясатын жүргізуге және тұтынушыларға қажетті кез келген сападағы өнімді өндіруге мүмкіндік береді. Зауыт жылына жылына 5 мың тонна мақта целлюлозасын, 6 мың тонна карбоксиметилцеллюлоза және полианионды целлюлоза шығарады. 

 "Мақта целлюлозасы – мақта линтін қайта өңдеу арқылы алынатын ақ түсті борпылдақ масса. Суда ерімейді. Компания өнімдері Ресейге, Украинаға экспортталады және оқ-дәрі, нитролактар өндірісі, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау, тамақ және медицина өнеркәсібі, лак-бояу өнімдері мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру сияқты көптеген салаларда қолданылады",  – деп жазылған хабарламада.

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу