Шымкенттік клубта ойнаған легионер футболшы есірткі сатумен айналысқан

392

ҚР ІІМ еліміздің екі өңірінде есірткі қылмысы бойынша күдіктілерді ұстады.  

Шымкенттік клубта ойнаған легионер футболшы есірткі сатумен айналысқан Фото: Видеодан скриншот

Футболшы есірткіні Telegram арналары арқылы сатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Шымкент қаласында 1,5 кг а-PVP синтетикасымен Орталық Африка азаматы ұсталды.

Күдікті Қазақстанға 2020 жылы табыс табу мақсатында келген. Оның жергілікті футбол командаларының бірінде ойнағаны анықталды.

Сонымен қатар Ақмола облысында 45 жастағы ер адам ұсталды. Оның жол сөмкесінен шамамен 2 кг гашиш табылды. Ол бұрын отандық сериалдардың бірінде қылмыстық топ басшысы ретінде рөл сомдаған.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу