Шымкенттік көпбалалы аналар әкімдікте қонды

1346

Олар әкім қабылдауына тәңертең сағат 9.00-де келіп кешкі 21.00-ге дейін күтіп отырған. 

Шымкенттік көпбалалы аналар әкімдікте қонды

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов "Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнінде" 20 көпбалалы ананы бірден қабылдай алмады, деп хабарлайды otyrar.kz. 

Көптеген ана қабылдауға баспана алу мәселесі бойынша келген. Осы арада көпбалалы аналар әкімдікке бірінші рет келмегенін, алайда мәселенің шешілмей отырғанын айтып кету керек.

Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні қалай да әкімнің қабылдауына кіреміз деп үміттенген көпбалалы аналардың тағы жолы болмай,  содан әйелдер бос қалған әкімдікте қонуға бекінген.

Әкімнің орынбасары Бұқарбай Парманов аналарды алған бетінен қайтаруға тырысып баққан. Алайда онысынан ештеңе шықпаған. Ашулы аналар ақыры әкімдікке қонып шыққан.

Келесі күні қала әкімі көпбалалы аналарды қабылдаған.

"Өзімізді толғандырып жүрген мәселелерді айтып, көмек сұрадық", — дейді Нағима Өтенова.

Қала әкімі "Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні" келушілер санының көп болуынан, оларды қабылдай алмаған. Көпбалалы аналар мәселесін тыңдаған қала әкімі оларға уақытша тұратын жер беру арқылы мәселелерін шешетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу