Шымкенттік миллиардер коронавируспен күреске 100 млн теңге аударды

2590

70 жастағы Серікжан Сейтжанов – Forbes  журналының шешімімен  "Қазақстанның жыл бизнесмені" атанған.    

Шымкенттік миллиардер коронавируспен күреске 100 млн теңге аударды

Серікжан Сейтжанов  қазақстандық танымал мұнай компаниясына басшылық етеді. Ол Елбасы үндеуіне үнсіз қалмай, өзі жетекшілік ететін компания атынан коронавируспен күресуге арналған қорға 100 млн теңге аударуды жөн санаған.

"Елбасы қазақстандықтарға үндеу жариялап, қауіпті дертпен бірге күресу керектігін айтты. Сол үндеуге біз де өз үлесімізді қосайық деп шештік. Коронавирус бүкіл әлемде тез тарап жатыр, біздің елге де келді. Мұндай ауыртпалықтан біз де өтеміз. "Бірлік бар жерде - тірлік бар", бастысы онымен бірге күресе білейік",– деді миллиардер Серікжан Сейтжанов.

Айта кетейік,  Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Серікжан Сейтжанов Forbes Kazakhstan  дерегі бойынша 2012 жылдан бері "Қазақстанның ең бай 50 адамы" тізімінен түспеген.  2018 жылы оның дәулеті –  331 млн АҚШ долларын құрады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Серікжан Сейтжанов Forbes Kazakhstan редакциясының шешімімен "Қазақстанның жыл бизнесмені" атанды. 2019 жылы миллиардер "Қазақстандағы ең бай адамдары" тізімі бойынша 16-орыннан көрінді.

70 жастағы бизнесмен еңбек жолын Шілік совхозының тракторисі болып бастаған. 

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу