Коронвирустың географиясы өсуде. Індет тараған қалалар тізіміне енді Шымкент те қосылды. Қалада бір науқастың бары расталған.
COVID-19 вирусын жұқтырған азамат 20 наурыз күні Нұр-Сұлтаннан автобуспен келген. Науқастың жағдайы орташа, тынысы әлсіреген. Жергілікті мамандардың айтуынша, онымен қарым-қатынаста болған барлық адамдар анықталып, қосымша іс-шаралар қолға алынған.
"Науқас Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланып, ем-домын қабылдап жатыр. Онымен қатынаста болған адамдар толық зерттелді. Барлығына қатысты жұмыстар жүргізілуде. Даурығудың себебі жоқ. Штаб құрылған, берілген алгоритмдер бойынша жұмыс жүргізіледі", –деді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД жетекшісі Әбдіманап Төлебаев.