Коронавирус жұқтырған шымкенттік науқастың жеке деректерін жариялаған адамдарды анықтау үшін тергеу басталды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осындай мәлімет айтты.
"Шымкент қаласының полиция департаменті коронавиурспен ауырған науқастың жеке деректерін тарату ісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұл іс бойынша толық ақпарат береміз", – деді ол онлайн-брифингте.
Есжан Ботақара
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу