Шымкент қаласы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Қымбат Ахмет Азия чемпионы атанды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қымбат Ахмет 47 келі салмақта 3 спортшымен кездесіп, соның ішінде ақтық сында отандасымен сынға түсті. Нәтижесінде аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды.
Айта кету керек, Шымкент қаласының тәртіп сақшысы осыған дейін де
бірнеше мәрте әлем чемпионы атанып, самбо күресінен ҚР спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, джиу-джитсудан әлем чемпионы атағын жеңіп алған.