Шымкенттік полицейлер есірткі жасырушыны дронның көмегі арқылы ұстады

62

Тәртіп сақшылары күдіктіні қылмыс жасау үстінде ұстады.

Шымкенттік полицейлер есірткі жасырушыны дронның көмегі арқылы ұстады Фото: polisia.kz

Шымкентте полицейлер дронмен есірткіні жасырын қойып кетушіні құрықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Учаскелік инспекторлар рейдтік іс-шара барысында пилотсыз ұшатын аппараттың көмегімен есірткі салынған түйіншектерді жасырын орындарға қойып жүрген ер адамды анықтады. Дронмен бақылау барысында патрульдік камера күдіктінің кезекті ораманы жасырып жатқан сәтін тіркеген.

Полицейлердің айтуынша, заманауи технологиялардың құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және олардың жолын кесуге көмегі зор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу