8 наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерінің отбасына барды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.
Көктемгі мереке қарсаңында Департамент бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі М. Алтаев пен Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Әмзеев 2009 жылы Алматы қаласында қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан аға лейтенанты Тайыр Шералиевтың анасы Перизат Ерманқызымен кездесуге үйіне барды.
Сондай-ақ Перизат Ерманқызы әрдайым көмекке және тәртіп сақшылары тарапынан кез-келген көмек көрсетуге сенім артатынын еске салды.
Өз кезегінде, ерлікпен қаза тапқан полицейдің анасы полицейлерге көңіл бөлгені, қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс айтты.