Шымкенттік прокурорлар "Заң керуені" аясында ауылдарды аралап жүр

518

Шымкенттік прокурорлар мен жергілікті атқарушы билік өкілдері қызмет кабинеттерін тастап, шалғай аудандарды аралауға шықты. Себебі олар "Заң керуені" акциясы аясында тұрғындардың талап-тілегін тыңдауы тиіс, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Шымкенттік прокурорлар "Заң керуені" аясында ауылдарды аралап жүр Фото: inform.kz

4 күнге жоспарланған шараға барлық мемлекеттік құрылымдар, құзырлы орган өкілдері мен заңгерлер де шақыртылған. Көшпелі керуен шаһардағы барлық аудандардың аумағында өткізіліп жатыр. Бір күннің ішінде әлеуметтік мәселелер мен құқықтық көмек алуға бес жүзден астам өтінім келіп түсті. Сондай-ақ жер телімдері мен тұрғын үй құрылысы, жол сапасына қатысты да түрлі мәселелер көтерілді.

"Қазіргі таңда бізге 500 адамнан астам арызданды. Басым көпшілігі -әлеуметтік сұрақтар. Осы жобаның негізінде өзіміздің әдісіміз бар. Карточка ресми түрде тіркеледі. "Е-өтініш" базасында тіркеледі. Оның заңды шешімін бақылап, қадағалап соңына дейін жеткіземіз", деді қала прокурорының орынбасары Ержан Марат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу