Жастар ресурстық орталығының басшысының әрекетін әлеуметтік желіде жерден алып, жерге салып жатқандар көп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Шымкенттегі қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы қызметкерлерін "әлеуметтік желідегі жазбаларға лайк баспадың" деген желеумен жазалаған. Қатты кеткені сонша, жиналысқа салып, бұйрық шығарып, ескерту де жасапты. Салдарынан бір қызметкердің денсаулығы нашарлап, жедел жәрдем шақыртқан.
Оқиғаның қоғамда үлкен резонанс тудыратынындай бар. Басшылықтың бұйрығы мен WhatsApp желісінде жазған жазбаларын да көпшілік талқылап үлгерді.
Бұл жағдай туралы Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова өз пікірін айтты. Оның сөзінше, жастар ресурстық орталығы басшысының әрекеті шынында шектен шыққандық.
– Қызметкерлерді лайк басуға мәжбүрлеу – тиімсіз әрі дұрыс емес әдіс. Егер әлеуметтік желілерде "белсенділік" қажет болса, күшін шынайы қызықтыратын контент жасауға бағыттағаны жөн. Сонда лайк өздігінен келеді, ешкімді үгіттеудің қажеті болмайды. Осыған байланысты жастар ресурстық орталығының басшысына қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданды, – делінген жазбада.