Шымкенттік шенеуніктердің жалақысы өседі

688

Шымкенттік шенеуніктердің жалақысы өседі

Республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болуына байланысты шымкенттік шенеуніктердің жалақысы өсетін болды.

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа мәртебе тек зор мүмкіндік қана емес, үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты.

"Шымкентті тек біз ғана жаңа деңгейге көтере аламыз. Біздің міндетіміз – Шымкент қаласын Алматы мен Астананың деңгейіне жеткізу. Біз бәріміз бір отбасы ретінде жұмыс істейтін болсақ, алдымызға қойған мақсаттарға міндетті түрде жететінімізге сенімдімін", – деді мегаполис басшысы.
Сөз арасында әкім қаланың жаңа мәртебесіне байланысты әкімдік қызметкерлерінің жалақысы өсетінін тілге тиек етті. 

"Қаламыздың жаңа мәртебеге ие болуына байланысты әкімдік қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі. Бұл жаңалық сіздердің отбасыларыңызға ұнайды деп ойлаймын. Басқарма құрылғаннан кейін біз байқау жариялаймыз. Белгілі бір лауазымға орналасу үшін барлық жарыстарға қатысыңыздар. Біз қызметке мықтылардың мықтысын қабылдауға дайынбыз", – деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу