Шымкенттік шенеуніктерге қызметтік көлікпен жүруге тыйым салынды

1059

Шымкенттік шенеуніктерге қызметтік көлікпен жүруге тыйым салынды

Бүгіннен бастап шымкенттік шенеуніктерге қызметтік көлікпен жүруге тыйым салынды. Есесіне, мемлекеттік қызметтегілер бір ай автобусқа отырып, шығын үнемделуге тиіс. Жиналған қаржы орта және қатардағы жұмысшыларға сыйақы ретінде жұмсалады.

Шым қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мұндай жаңалықты қоғамдық көліктер мәселесі талқыланған жиында жеткізді. Шаһар басшысы осылайша шенділерге автобустар мен қоғамдық көліктердегі жағдайды көзбен көріп, кем-кетіктерін анықтауға тапсырма беріп отыр. Кейін мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындарының сын-ескертпелері арнайы комиссияның қарауына жіберілуге тиіс. Ал кемшіліктер жіберген, тәртіпке бағынбаған көлік компаниялары комиссия қортындысының шешімімен жолаушы тасымалдау қызметінен шеттетілмек. Сондай-ақ, оларға қатысты арыз шағымдардың нәтижесінде арнайы рейтингі шығып, қызмет көрсету сапасы нашарларына шара қолданылмақ. Тіпті шағым айтуға арналған арнайы WhatsApp желісі мен call-орталық ашылып отыр.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі:

"Бұл уақытша шектеу менен бастап, менің орынбасарларыма, аппарат жетекшілеріне, бөлім басшыларына, қалаға қарасты аудан әкімдері мен орынбасарларына, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелер жетекшілеріне қатысты. Сондай-ақ, жиналыстарды да мейілінше қысқартуды бұйырамын".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу