Шымкенттік түлек әлемнің 40 университетінен шақырту алды

280

Шымкенттік Сунатулла Октамовқа бірнеше елдің жоғары оқу орындарынан грантқа ұсыныс түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымкенттік түлек әлемнің 40 университетінен шақырту алды Фото: бейнеден

Қарапайым қазақ мектебінің түлегі әлемнің 40 университетіне шақырту алды.

Оның ішінде Америка, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік-Шығыс Азия ЖОО-лары бар. Ол Малайзияда оқуды таңдады. 

"Маған кәсіптік бағдар беру бойынша профориентологтар мен мұғалімдер көмектесті. Мен 100 немесе одан да көп университетке құжат тапсырдым. Олардың 40-на шақырту алдым. Мен Малайзияда шамамен 4-5 жыл оқимын. Одан кейін Қазақстанға барып, кәсібімді дамытуды жоспарлап отырмын", – деді түлек Сунаулла Октамов.

17 жастағы Алексей Кимді де бірден әлемнің 8 үздік университеті шақырған.

Оның халықаралық және республикалық олимпиадаларды жеңген. Ол болашағын IT технологиялармен байланыстырып отыр.

"11-сыныптың басында Нью-Йорк-те оқимын деп ойладым, себебі ол арман қала. Сонда құжат тапсырамын деп шештім. Қазір көріп отырғаныңыздай, бәрі ойдағыдай болды. Мен грант жеңіп алдым", – деді М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназиясының оқушысы Алексей Ким.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу