Шымкенттік тұрғын досын бопсалаған

419

Ол досының беделін түсіретін ақпаратты таратпау үшін 100 000 доллар талап еткен. 

Шымкенттік тұрғын досын бопсалаған Фото: polisia.kz

Қаратау ауданының тұрғыны полицияға бопсалау туралы арызбен жүгінді.

Жас жігіт өзін әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, одан 100 мың доллар талап еткенін көрсетті. Әйтпесе, оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп уәде еткен.

Өз беделіне алаңдаған тұрғын келісіп, оның нұсқауын орындап, бопсалаған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған.

Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер қылмыс үстінде ұстады.

Аталған жайт ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ тіркелді.

Ұсталған адам өзінің досы болып шықты.

Белгілі болғандай, досының мас күйін пайдаланған жолдасы, оның смартфонындағы жеке суреттері мен бейнежазбаларын өзіне өткізіп алған.

Бопсалаушы УҰИ-ға қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу