Шымкенттік тұрғын мұғалімдердің жалақысын ұрлап келген

564

Келтірілген шығын көлемі 26 млн теңге.

Шымкенттік тұрғын мұғалімдердің жалақысын ұрлап келген

Шымкенттік азамат Шардара ауданының мұғалімдерінің жалақысын ұрлап келген.

Нақтырақ айтқанда, интернет арқылы ұрлық жасап, 76 мұғалімге 26 млн теңге шығын келтірген. 1С бухгалтерлік бағдарламасын меңгерген күдікті қомақты қаржыны өз есепшотына аударған. Ал түскен ақшаны ойынханаларға жаратып жіберген екен.

Дегенмен ол қаражат есепшотына түскен соң күдікке ілініп, Алматы қаласында қолға түсті. Тінту кезінде қалтасынан 1,5 млн теңгеге жуық қаржы табылған. Сонымен қатар күдіктінің анасы баласының бергенін айтып 1 млн 300 мың теңгені полицияға әкеліп беріпті. Қалған қаражаттың басым бөлігін казиноларға жаратқан көрінеді.

"Күдіктінің өзі 188 баптың 4-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған нақты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазіргі таңда сот үкімі күшіне енген жоқ. Сонымен жалпы 12 млн теңге ысырап етуге дер кезінде қолданылған шара арқылы тоқтатылды. Қазіргі таңда ол қаржылардың барлығы мемлекет кірісіне қабылданды", – деп мәлімдеді Шардара ауданының прокуроры.

Бүгінде мұғалімдерге жалақысы ішінара қайтарылған. Ал қалған сома күдіктіден қосымша өндіріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу