Шымкенттік жылу энергиясы тұтынушыларына 25,8 млн теңге қайтарылады

943

Белгіленген сома шаршы метрі үшін 9,93 теңге.  

Шымкенттік жылу энергиясы тұтынушыларына  25,8 млн теңге қайтарылады

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен жылу беру қызметін жүзеге асыратын "Қуатжылуорталық 3" МКК бірігіп халыққа өткен жылыту маусымында төленген қаражатты қайтару туралы шешім қабылдады. 

"Егер есеп бойынша Шымкент қаласында орташа температура 1,4 градус болса, ал Гидрометеорология орталығы мәліметінше шынайы сыртқы температура 3,7 градус болды. Заңға сәйкес "Қуатжылуорталық 3" жылу сомасын қайта есептеуге тиіс",- деп жазылған хабарламада.

 Орталық жылу қызметін пайдаланатын тұтынушылар үшін қайтарылатын сома 25,8 млн теңге немесе шаршы метрі үшін 9,93 теңге. Ал ескі үйлер үшін шаршы метріне 12,2 теңге. 

Еске сала кетсек, Шымкент республикалық маңызы бар еліміздегі ірі үш мегаполистердің бірі. Шаhарда 1 млн-нан аса адам өмір сүреді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу