Шымкенттіктер енді газ есептегіштерін қосу мен пломбалау үшін ақы төлемейді

730

Жоғарғы сот "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның Шымкенттегі өндірістік филиалын төлем алмауға міндеттеді.

Шымкенттіктер енді газ есептегіштерін қосу мен пломбалау үшін ақы төлемейді

Жоспардан тыс тексерудің нәтижесін ескере келе ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тұтынушылардың өтініштері негізінде "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның Шымкенттегі өндірістік филиалына қатысты газ есептегіштерін қосу және пломбалау үшін ақы төлеуді тоқтату туралы нұсқама берген болатын.

Компания департаменттің берген нұсқамасына қатысты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шағым түсіргенімен, сот алқасы қанағаттандырусыз қалдырған болған. Алайда, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының шешімімен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілді. Ал департамент Жоғарғы сотқа апелляциялық сот шешімінің күшін жою туралы өтініш берді.

Жоғарғы Сотының қаулысымен қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының шешімінің күші жойылып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімі күшінде қалды. Осылайша "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ға газ есептегіштерін қосу және пломбылау үшін төлемдерді тоқтату міндеттелді.

Енді Шымкент қаласының тұрғындары газды есепке алу аспаптарын пломбылау үшін 1086 теңге, газ қондырғыларын қосуға байланысты 2902 теңгені төлемейтін болады. Ал заңды тұлғалар үшін 4001 теңгеден басталатын төлемнен құтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу