Шымкенттіктер қала күнінде бауырсақ пісіруден рекорд орнатты

899

Шымкенттіктер қала күнінде бауырсақ пісіруден рекорд орнатты


Шымкенттіктер бауырсақ пісіруден рекорд жасады. Қала күні аясында "Алтын дән" компаниясы Шымкент қалалық әкімдігінің қолдауымен 1136 келі бауырсақ пісірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Наурыз алаңында Қазақстанның "КИнЭС" рекордтар кітабының жаңа рекорды тіркелді. 1 тоннадан астам бауырсақты қаланың үздік 20 аспазы әзірледі. Рекорд жасау үшін 750 келі ұн, 400 литр май, 60 келі қант пен 150 литр сүт жұмсалды. Бауырсақ 10 қазанда пісірілді. Ал салмағы арнайы қазанда өлшенді. Жаңа рекорд орнатылғаны туралы арнайы сертификатты компания өкілдеріне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тапсырды. Ал рекорд тіркелген соң, бауырсақ қонақтарға таратылды. Бұл күні мерекеге 30 мыңнан астам адам қатысты. Еске салайық, бұған дейінгі рекорд Алматы қаласында тіркелген болатын. Онда 856 келі бауырсақ пісірілген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу