Шымкенттіктер қосымша жәрдемақы алу үшін ажыраса бастады

873

Көптеген көпбалалы отбасылардың шаңырағын шайқалтуына басты себеп атаулы әлеуметтік көмекті алу болып отыр.

Шымкенттіктер қосымша жәрдемақы алу үшін ажыраса бастады

Шымкенттік соттар ажырасу туралы өтініштердің астында қалды, деп хабарлайды  otyrar.kz. Көптеген көпбалалы отбасылардың шаңырағын шайқалтуына басты себеп атаулы әлеуметтік көмекті алу болып отыр.

Көпбалалы аналар ажырастыруды талап етіп соттың алдын бермеуде. Ал әкелері мемлекеттен көмек алу үшін балаларынан бас тартып отыр.

Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров: "Ажырасуға өтініш беру көбейіп кетті. Әкеліктен бас тарту да аз емес. Аптасына 10-15 арыз түседі. Біз оларға барынша түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Олардың басты мақсаты — мемлекет тарапынан беріліп жатқан атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу. Әкеліктен бас тарту ол қайта қалпына келтіруге болмайтын процесс. Соны түсіндіргеннен кейін ғана көбісі арыздарын қайтып алады", – дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу