Шымкенттіктер Олимпиада жүлдегерлеріне темір тұлпар мінгізді

924

Қос спортшыны жерлестері зор қошеметпен қарсы алды.  

Шымкенттіктер Олимпиада жүлдегерлеріне темір тұлпар мінгізді

Бүгін Шымкент жұртшылығы Токио Олимпиадасының қола жүлдеге ие болған қос каратэші Дархан Асаділов пен Софья Берульцеваны әуежайдан күтіп алды.

Жазғы Олимпиада ойындарында жартылай финалға дейін жетіп, соңғы сәтте қарсыластарына есе жіберген спортшыларды қала әкімі Мұрат Әйтенов қарсы алды. Жерлестерін жеңіспен құттықтаған шаһар басшысы төрт жылда бір рет келетін додада олар ел үмітін ақтағанын айтты. Сондай-ақ алдағы уақыттағы бесекелерде ел байрағын биікке желбірете берулеріне тілектес екенін жеткізді. Және де қола жүлдегерлерге демеушілер есебінен су жаңа тұлпар кілтін табыстады. Ал қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов спортшылардың бұл жүлдесін алтынға теңеді.

"Бір спорт түрінен екі жүлде алу қаламыз үшін де жақсы нәтиже. Бұл каратэнің қаншалықты дамығанын көрсетеді. Бұл қола - біз үшін алтынмен тең. Бәрініңізді құттықтаймыз",-деді қала әкімінің орынбасары.

Сый-құрметке ие болған спортшы Софья  Берульцева кез келген спортшы қандай жарыс болмасын, жеңіспен ораламын деген оймен баратынын, алайда бұл жолы қола жүлденің өзін де қанағат тұтқанын жеткізді.

Еске салсақ, XXXII Жазғы Олимпиада ойындарында Шымкент атынан 10 спортшы бағын сынады.

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу