"Шымкенттіктерді 80 миллион теңгеге тақырға отырғызған": Халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

331

Күдіктінің шымкенттік тұрғындарға қатысты бірқатар алаяқтық дерегіне қатысы бар.    

"Шымкенттіктерді 80 миллион теңгеге тақырға отырғызған": Халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Шымкентте 80 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған әйел ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін халықаралық іздеуде болған күдіктіні ұстады.

Тергеу мәліметінше, күдіктінің шымкенттік тұрғындарға қатысты бірқатар алаяқтық дерегіне қатысы бар. Алаяқтық эпизодтарының бірінде күдікті алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіпкердің сеніміне кіріп, зергерлік әшекейлерін иемденген.

Сонымен қатар ол тұрғындардан шетелге арзан бағамен туристік сапарлар ұйымдастырамын деп ақша алып, турларды ұйымдастырмай, қаражатты қайтармаған. Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын анықтауға және қылмыстық әрекеттердің қосымша эпизодтарын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу