Шымкенттіктердің 44%-ы вакцина салдырған

954

Бұл көрсеткіш бойынша мегаполис республикада көш бастап тұр. 

Шымкенттіктердің 44%-ы вакцина салдырған

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһар тұрғындары белсенді түрде екпе салғызып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"1 ақпаннан бастап вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Шымкенттің 239 506 тұрғыны вакцинаның бірінші компонентін, ал 141 328 тұрғыны екі компонентін алды. Бұл – вакциналанатын тұрғындардың 44%-ы. Аталған көрсеткіш бойынша Шымкент көш басында. Иммундау шарасынан өткендердің басым бөлігі педагогтар. Азаматтарды вакцинациялау үшін қалада 43 егу бекеті жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек 25 жылжымалы егу пункті бар. Шымкентте егу пункттерінде медицина мамандары демалыс күндеріне қарамастан, вакцинациялау жұмыстарын жүргізеді. Жаппай вакцинациялау алгоритміне сәйкес, қала тұрғындары вакцинаны жергілікті емханалардың егу кабинеттерінде арнайы тізім және алдын ала жазылу тәсілі бойынша салдырады. Бүгінге дейін қалаға барлығы 394 545 доза ковидке қарсы вакцина жеткізілген. Қазірде емдеу мекемелерінде 63463 доза инфекцияға қарсы вакцина бар", – деді қала әкмі.

Шымкентте жыл басынан бүгінге дейін 7228 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 6829 адам емделіп шықты. 

"Өкінішке орай 157 адам көз жұмды. Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 13,1 млрд теңге қарастырылды. Медицина қызметкерлерінің дайындығын пысықтау мақсатында 14 157 медицина қызметкері оқытылды. Қазір стационарларда дайын төсек-орынның 25%-ында немесе 327 науқас ем алып жатыр", – деді Мұрат Әйтенов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу