Шымкенттіктерге масканы қашан шешуге рұқсат етіледі?

1287

Медициналық бетперді шешу үшін белгілі бір талаптар бар.  

Шымкенттіктерге масканы қашан шешуге рұқсат етіледі?

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін салдырған тұрғындарға көшеде маскасыз жүруге рұқсат берілетінін айтты. Яғни, қолына вакцинация паспортын алған адамға маскасыз емін-еркін жүруіне болатыны туралы жаңа қаулы жақын күндері шығады. Осылай деген қаланың бас дәрігері тұрғындарды вакцина салдыруға шақырды және екпе ектіру қауіпті індетпен күресудің жалғыз жолы екенін жеткізді. Соңғы дерекке сүйенсек, өткен тәулікте Шымкентте 8058 адам екпе салдырған. Оның 7280-ы вакцинаның І-компонентін алған.  Екпе ектірген шымкенттіктер саны 103 360-қа жетті.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қазіргі таңда қалада 600-дан астам қауіпті індеттен емделуде екенін, оның 14-і жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқанын айтты. Жыл басынан бері тәжівирусынан 26 адам көз жұмса, бұл аптада 3 адам індеттен ажал құшыпты және олардың үшеуі де жас тұрғындар екен. Ал күні кеше 36 жастағы келіншек қайтыс болған. Оның артында жолдасы мен 3 перзенті қалды.

Осылай деген қаланың бас дәрігері Шымкентте коронавирус жұқтыру деректерінің көбі той-жиынға барғаннан кейін тіркеліп жатқанын айтып дабыл қағып отыр.

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу