Шымкенттіктерге жоқ брендтік заттарды млн теңгеге сатқан алаяқтар ұсталды

167

Полиция 22 жастағы тараздық тұрғынды және оның Алматы мен Шымкенттегі екі досын ұстады. 

Шымкенттіктерге жоқ брендтік заттарды млн теңгеге сатқан алаяқтар ұсталды Фото: polisia.kz

Олар әлеуметтік желіде брендтік аяқ киім мен сөмкелер сататын жалған интернет-дүкен ашып, түпнұсқа тауарлардың фотосуреттерін жүктеп жариялап отырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сатып алушыларға жеткізу шарттарын түсіндіріп, төлемді аударым жасау арқылы немесе қашықтықта төлеу шотын жіберу арқылы алған. Брендтік затын ұзақ күтіп, сол күйі ала алмаған тапсырыс берушілер полицияға арызданған.

Бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер қамауға алынды. “Киберпол” бөлімінде онлайн-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер еліміздің барлық аймағында болуы мүмкін екені айтылды.

"Онлайн сатып алу кезде, тауарды қолға алғаннан кейін төлем жасау туралы келісуге тырысыңыз; бейнеқоңырау арқылы тауардың бар-жоғын тексеріңіз; ешқашан жеке деректеріңізді және банк карталарының кодтарын бейтаныс адамдарға жолдамаңыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу