Шымкенттің бас полицейі шеруге қатысқандарға қылмыстық іс қозғалмайтынын жеткізді

693

Сондай-ақ, наразылық шарасына шыққандарды басу үшін "Тараздан қосымша әскер шақырылды" деген мәліметті де жоққа шығарды.

Шымкенттің бас полицейі шеруге қатысқандарға қылмыстық іс қозғалмайтынын жеткізді

Шымкенттегі наразылыққа қатысқандардың ешқайсысына қылмыстық іс қозғалмайды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Шымкент қалалық ПД басшысы Ералы Жұмаханбетовтің мәлімдеуінше, олар ешқандай тәртіп бұзбаған, бәрі заң аясында өткен.

Сондай-ақ, Шымкенттің бас полицейі бұл наразылық шарасына шыққандарды басу үшін "Тараздан қосымша әскер шақырылды" деген мәліметті де жоққа шығарды.

"Ешқандай тәртіп бұзылған жоқ, ешқандай да тәртіп бұзушылық болмады. Ешкім ешкімді ұрған жоқ, ешкім ешкімге тиіскен жоқ. Жарақат алғандар да болмады. Олар бізге жәй ғана көшені жауып жүреміз деді, біздің жігіттер соңдарынан еріп жүрді. Ал наразылыққа шыққан топ өкілдеріне де рахмет, олар уәделерінде тұрып, тыныш қана жолмен жүріп өтті. Олар жағдайын айтып, плакаттарға "Арыс көмек" деп жазып жүрді, болды ғой",­ – деді Ералы Жұмаханбетов.

Ералы Жұмаханбетовтың айтуынша, жергілікті тұрғындардан полицияға арыз түскен. Онда шерушілер араларында арандатушылардың болуы мүмкін екенін айтқан. Полиция қызметкерлері наразылыққа шыққан топтың басы-қасында жүргенінің тағы бір мақсатын осылай түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу