Шымкенттің экс-әкімі коронавируспен күреске 20 млн теңге аударды

951

Көпке танымал меценат кәсіпкер әріптестерін халыққа қол ұшын беруге шақырды.

Шымкенттің экс-әкімі коронавируспен күреске 20 млн теңге аударды

Шымкенттік бизнесмен Қайрат Молдасейтіов "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне төрағалық етеді. Палата мүшелері өзара кеңесіп, коронавируспен күресу және қиын жағдайға тап болған тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында арнайы қор ашқан. Қорға алғашқылардың бірі болып меценат өзі басшылық ететін "Otau Group" холдингі атынан  20 млн теңге аударуды жөн санапты. 

"Біз "Атамекеннің" өңірлік кеңесі мүшелері болып коронавирусқа байланысты халыққа қолымыздан келгенше көмек қолын созайық деп үндеу жасаған болатынбыз. Арнайы қор да құрдық, онда келіп түскен ақша көмекке мұқтаж жандарға жұмсалса дейміз. Түсінемін, қазір елімізде төтенше жағдай жария етіліп, кейбір кәсіпкерлерге де оңай соғып жатқан жоқ. Бірақ тұрмыстық жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған отбасылармен кәсіпкерлердің жағдайын салыстыру келмейді. Осы ретте мен қаланың кәсіпкер азаматтарын халыққа көмек беруге шақырамын. Өйткені осындай жағдайда елге, халыққа пайдаң тимесе несіне кәсіпкер болып жүрміз?",– деді бизнесмен Қайрат Молдасейітов. 

Еске салсақ, шымкенттік кәсіпкер Молдасейітов 2012 жылы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. Бір жылдан астам уақыт аталған лауазымда отырған тұсында ол табыс декларациясы бойынша сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең ауқатты шенеунік атанды. 

Қайрат Молдасейітов Шымкентке басшылық етпес бұрын Түркістан қаласының әкімі болған. 

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу