ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Арман Жетпісбай тағайындалды.
Арман Шәріпбайұлы 1971 жылы Жамбыл облысы, Куйбышев селосында дүниеге келген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы әрі экономист ол түрлі лауазым қызметтерді атқарған.
2008 жылы ақпан айында Шымкент қаласына әкім болып келіп, 2012 жылдың 24 сәуірінде, яғни, өзінің дүниеге келген күнінде қызметінен кетті.
2018 жылдан бастап күні бүгінге дейін "Samruk-Kazyna Construction" акционерлік қоғамының бас директоры - басқарма төрағасының бірінші орынбасары, "Объектілердің құрылысын жүргізетін компания" корпоративтік қорының бас директоры лауазымдарын атқарып келген.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Қосман Айтмұхаметов екі жақты пневмонияға шалдығып, 15 сәуірде бақилық болды.
Жансая Тәуекелқызы