Шымкенттің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

1623

Шымкенттің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласының экс-әкімі Нұрлан Сауранбаев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – экономист.

Еңбек жолын 1991 жылы Астана қаласында "Еңбек" компаниясының бас директоры болып бастаған. Одан кейін де бірнеше лауазымды қызметтерді атқарған.

2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың маусым айына дейін Шымкент қаласына әкім болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу