Орталық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов мегаполистегі инвестициялық жобаларға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Мемлекет басшысы Жолдауда өңдеу өнеркәсібін алдағы 5 жылда кем дегенде 1,5 есеге өсіруді тапсырды. Осы мақсатта Шымкентте бірнеше бастама қолға алынды. Атап айтсақ, солардың бірі – "Жұлдыз" индустриалды аймағы. Қазіргі таңда инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары басталып кетті. 306 гектар жер аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады. 200 млрд теңгеге 5 мыңнан астам адамдың жұмыспен қамтитын 50 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Одан бөлек, жеке индустриалды аймақтарды ашу бойынша да жұмыстар жүріп жатыр", – деді шаһар басшысы.
Құралай Құдайберген