Шымкенттің Қаратау ауданының әкімі қызметінен кетті

1282

Абзал Әліқұлов денсаулығына байланысты қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz otyrar.kz-ға сілтеме жасап. Ақпаратты Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат және жастар басқармасы растады.

Шымкенттің Қаратау ауданының әкімі қызметінен кетті

Абзал Әліқұлов Қаратау ауданының әкімі қызметін 2019 жылдың тамыз айынан бері атқарды. 

Еске салайық, Абзал Әліқұлов оңтүстік мегаполис әкімдігі құрылымына алғаш рет 2008 жылы келген. Әр уақыттарда Еңбекші ауданының әкімі, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Одан әрі 2012 жылы Арыс қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, жастар саясаты, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінде басшылық қызметтерді атқарды.

2018-2019 жылдары "Түркістан" кеден бекетінің басшысы қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу