Шымкенттің қоғамдық қызмет көрсету саласы 39 жолаушылар автобусымен толықты

1400

2018 жылы үшінші мегаполиске 41 жаңа автобустар әкелінген. Алдағы жылы басқа да көлік компаниялары жаңа автобус алуды жоспарлауда.

Шымкенттің қоғамдық қызмет көрсету саласы 39 жолаушылар автобусымен толықты

Шымкент қаласының қоғамдық қызмет көрсету саласы тағы 39 жаңа жолаушылар автобусымен толықты. Жаңа дизайнмен сәнделген автобустар қаланың шалғай аймақтарына жүретін әлеуметтік маңызы бар бағыттарда жүреді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Әзірге көлік тасымалдау компаниялары тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру бойынша конкурсқа қатысуды жоспарлауда. "Евро 5" класына жататын автобустар дизельді отынмен жүреді. Бүгінде Шымкентте күнделікті 1151 автобус тұрғындарға қызмет көрсетеді. Оның басым бөлігі 7 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, 2018 жылы үшінші мегаполиске 41 жаңа автобустар әкелінген. Алдағы жылы басқа да көлік компаниялары жаңа автобус алуды жоспарлауда. Осылайша, шаһардағы қоғамдық көлік мәселесі рет-ретімен шешімін таппақ.

Айта кетейік, "Ютонг" маркалы бұл автобустардың сыйымдылығы жоғары, заманауи және қолайлы. Бұл компанияның автобустары бұған дейін де қала көшелерінде қатынап жүр. Осылайша T-bus пен "МАН — Оңтүстік" компаниясының өкілдері қаладағы жолаушы тасымалдау қызметінің сапасын жақсартуға үлес қосамыз деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу