Шымкенттің медициналық мекемелеріне айыппұл салынды

489

"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңының талаптарын орындамау фактілері анықталды.

Шымкенттің медициналық мекемелеріне айыппұл салынды

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласы прокуратурасымен бірге Шымкент қаласының бірқатар медициналық мекемелеріне жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп жазады inbusiness.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ақпаратына сүйеніп.

Тексеру нәтижесі бойынша қаладағы барлық дерлік медициналық мекемелерінде Қазақстан Республикасының "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңының талаптарын орындамау фактілері анықталды, тек кейбіреулерінде ескіру мерзімі аяқталуына байланысты әкімшілік шаралар қабылданбады.

Атап айтқанда, Медициналық мекемелерде белгіленген тәртіппен салыстырып тексеруден өтпеген науқас мониторы, өкпені жасанды желдету аппараты, "Аудио-СМАРТ" аудиологиялық скринингке арналған жүйе және ультрадыбыстық диагностика аппараты т.с.с. бірнеше медициналық өлшеу құралдары пайдаланылған. Ал, мерзімінде салыстырып тексеруден өткізілмеген өлшеу құралы адам өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етіп, қауіп төндіруі ғажап емес.

Шымкент қаласы прокуратурасының ұсынымы негізінде, Департамент қызметкерлерімен 11 медициналық мекемелердің жауапты лауазымды тұлғалары Заңның 19-бабы талаптарын сақтамағаны үшін, ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексінің 419-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы соммасы 3 874 695 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу