Бүгін ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев Шымкент қаласының 1 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген Еламановтар отбасын құттықтап, жас отбасыға 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгін 22 жастағы жас отбасының бірінші перзенті Еламанова Айсұлу миллионыншы тұрғын атанып отыр. Нәрестенің ата-анасы мұндай тарихи сәт біздің отбасымызға бұйырғанына қуанышты екендерін жеткізіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын білікті азаматша етіп тәрбиелеуге бар күш-жігерлерін жұмсайтындарын айтуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу