Шаттық Утеевті Шымкент қаласы активінің отырысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Мақсат Қожабаев таныстырды.
Шаттық Утеев 1971 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.
1999-2001 жылдары – Маңғыстау облысы бойынша Салық полициясы комитеті басқармасының инспекторы.
2001-2002 жылдары – Маңғыстау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті экономикалық қылмыстарды анықтау басқармасы екінші бөлімінің аға инспекторы.
2002-2014 жылдары – қаржы полициясы органдарында қызмет атқарған. 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы.
2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды қаласы бойынша департаментінің басшысы.
2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасары.
Қазіргі тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 4 департаментінің басшысы лауазымын атқарған.