Шымкенттің тұрғын үй басқармасының басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

832

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Өтенбаев қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шымкенттің тұрғын үй басқармасының басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін Фото: otyrar.kz

Оның айтуынша, шаһардағы "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы заңсыз ұйымдастырылған.

"Аталған бағдарма басталған кезде тұрғын үй салынбаған. ИИДМ-мен келісім болған, бірақ былтыр оның күші жойылды. Біздің басқарма бағдарламаны тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға мәжбүр болды. Бірақ олар конкурс өткізді. Бұл заңбұзушылық болып саналады. Басшыны қызметінен шеттетіп, қылмыстық іс қозғаймыз. Бұл – ИИДМ-мен де, әкімдікпен де келісілмеген өз еркімен қабылданған шешім", –  деді Ерғали Білісбеков.

Ол Шымкентте 48 мың адам үй кезегінде тұрғанын атап өтті.

"20 мың мемлекеттік қызметкер, үй ала алмай жүрген жастар бар. Сондықтан біз шешім қабылдауымыз керек", – деді әкімнің орынбасары.

Айта кетейік, осыған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Шымкенттегі бұл жағдайдға қатысты түсінік берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу