Шымкенттің үшінші мегаполис атануы бюджет туралы заңды қайта қаратты

1404

Бүгін мәжілісте "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқыланды.

Шымкенттің үшінші мегаполис атануы бюджет туралы заңды қайта қаратты

Бүгін мәжілісте "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау кезінде 8 млрд теңге Алматыдағы көлік қозғалысына бағытталатыны мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматы тұрғындарының қала ішіндегі мобильділігін арттыру мақсатында - бюджет жобасында метроның қолданыстағы 9 және болашақтағы 2 стансасына операциялық қызмет көрсету үшін электропойыздардың 8 құрамын алуға аванс беру қарастырылған. Осы шараларға 8,1 млрд теңгені бағыттау көзделген", - деді ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Айта кету керек, қалада "Сарыарқа" мен "Достық" стансаларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2020 жылға қарай аяқталады деп күтілуде.

Бүгін парламент мәжілісінде бюджетті нақтылау заң жобасы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әкімшілік мәртебелеріне қатысты тапсырмаларды орындау үшін әзірленгені айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу