Шымкентте отандық өндірушілердің жәрмеңке-көрмесі басталды. Оған Шымкент пен Түркістан облысының 200-ге жуық компаниясы қатысуда. Дені азық-түлік, фармацевтика, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіп өнімдері, деп хабарлайды Atameken TV.
Шара барысында "Қазақстанның үздік тауары" байқауы ұйымдастырылған. 3 санатқа бөлінген жарыстың жеңімпаздары Республикалық көрме-байқауына қатысады.
Қатысушылардың 15-і жаңа кәсіпорындарындар. Оңтүстік өңірдегі өнімдер көпшілік сұранысына ие. Ал Шымкенттен шыққан тері бұйымдары тек ішкі нарыққа емес, Израиль мен Түркияға да экспортталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу