Шын мұқтаж аудандарда білім беру инфрақұрылымы сол күйі дамымай қалған – Президент

109

Бұл ведомствоаралық байланыстың әлсіздігін көрсетеді.

Шын мұқтаж аудандарда білім беру инфрақұрылымы сол күйі дамымай қалған – Президент Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп құрылысы бойынша мемлекет-жеке меншік серіктестігін жетілдіруді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әсіресе, жеке мектептерді дамытуға айрықша назар аударған жөн. Бұл салаға инвестиция тарту ісінде жүйелі шаралар қабылдаған дұрыс. Атап айтқанда, мемлекет-жеке меншік серіктестік құралын жетілдіру маңызды. Дәл қазір жеке мектептердің өрісін кеңейту міндеті тұр. Өйткені тексеріс барысында қызметін теріс мақсатта пайдалану, тіпті, алаяқтық жағдайлары анықталып жатыр. Мұндай фактілер лицензия беру, қаржыландыру, бақылау жұмыстарының әлсіздігін көрсетеді",  – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, кейбір әкімдіктер жоспарлау кезінде үлкен қателіктер жіберген. 

"Атап айтқанда, демографиялық өсім мен аумақтық даму мәселелері ескерілмей, жеке мектептерді ашуға беталды рұқсат берілген. Соның салдарынан бір жерде мемлекеттік және жеке мектеп қатар салынған. Ал шын мұқтаж аудандарда білім беру инфрақұрылымы сол күйі дамымай қалған. Бұл ведомствоаралық байланыстың әлсіздігін көрсетеді, жұмысқа жүрдім-бардым қараудың дәлелі. Орта білім беру жүйесін демографиялық есепке және нақты нәтижелерге негіздей отырып кешенді түрде дамыту қажет. Қолданыстағы модельді түбегейлі өзгерту керек", – деді Президент Астананы дамыту жөніндегі кеңесте.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу