Шындық детекторынан өтуге дайынмын - Байжанов

299

Байжанов қылмыс іздерін жасыруға қатысты да айыпталып отырғанын айтты. 

Шындық детекторынан өтуге дайынмын - Байжанов Фото: jogargy_sot

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот жарыссөзінде екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бәрін адвокаттарым айтып кетті. Тек бір-екі нәрсе қоса кетсем деймін. Мені Бишімбаевпен бірге Салтанаттың денесін жасырмақ болды деп айыптап отыр. Расында да, айыптаушы тарап пен жәбірленуші тарап айтқандай, Бишімбаевпен бірігіп, Салтанаттың денесін жасыруды жоспарласам, неге солай істемедім?! Олардың логикасына сүйенсек, күні бойы денені жасыруға дайындалғандай боламын. Онда неге ыңғайлы уақыт туғанда, алдымыз түн болғанда, оның үстіне мейрамханада бөтен ешкім болмаған кезде бұл идеядан бас тарттым? Мен мұны әу бастан жоспарламағандықтан істемедім. Мен тіпті Салтанат қайтыс болғанын білмедім", - деді ол. 

Байжанов қылмыс іздерін жасыруға қатысты да айыпталып отырғанын айтты.

"Неге бәрі нашатырь мен көйлекті мен лақтырғаныма сенімді? Бұл тек болжам ғой. Оны бүкіл жерден іздеген де жоқ қой. 4 рет оқиға орны тексерілді, бір рет Бишімбаевтың көлігі, ал үш рет тек бір вип-кабина тексерілді. Мейрамханадағы басқа орындар тексерілмеген. Мүмкін құты мен көйлек әлі де сонда шығар?!" - деді ол.

Сондай-ақ, Байжанов "шындық детекторынан өтуге дайын екенін, оның тағдыры судья мен алқабилердің қолында екенін" айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу