"Шындық шырылдап жетемін дегенше, өтірік талай жерді өртейді" – Ғабидолла Әбдірахымов

1451

Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Динара Әлжан Шымкенттің бұрынғы әкімімен қарым-қатынасы туралы айтқан болатын. Ғабидолла Әдірахымов Динара Әлжанға қарата жауап қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Шындық шырылдап жетемін дегенше, өтірік талай жерді өртейді" – Ғабидолла Әбдірахымов Фото: КазТАГ

Динара Әлжанның Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен болған кездесуі және жеке өмірінің қызықты жайттары туралы сұхбатының екінші бөлімі желіде жарияланды.

Динара Шымкенттегі тойда бірінде Ғабидолла Әбдірахымовпен танысқанын, өзіне қиын кезеңде көмек қолын созғанын айтты.

Айтуынша, Ғабидолла оған өте жұмсақ, мейірімді болған. Мәселен, Шымкенттің бұрынғы әкімінің көмекшілері кездескен күні ғана Динараға Rixos қонақүйінен VIP бөлме жалдап берген. Келесі күні Ғабидолла оны бірден караокеге шақырып, қыз оған арнап ән шырқайды. Осыдан кейін ол Динараға 70 000 доллар мен 20 000 долларлық сырға берген.

Аталған жаңалық желіде қызу талқылаған соң Ғабидолла Әбдірахымов өзінің фейсбук парақшасында көпшілікке қарата жазба жариялады.

"Шындық шырылдап жетемін дегенше, өтірік талай жерді өртейді", - деп жазды Шымкент қаласының бұрынғы әкімі.

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімі ретінде Лондоннан видео құттықтауларымен және қаланы велосипедпен аралауымен көптің есінде қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу