Шыңғырлау ауылында тұрғын үй құрылысына арналған 78 жер телімі берілмек

1212

Шыңғырлау ауылында тұрғын үй құрылысына арналған 78 жер телімі берілмек

Батыс Қазақстан облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы жүйелі жүзеге асып келеді. Биыл барлық қаржы көздерінен 11 млрд теңге бөлінді. Соның 9 млрд. теңгесі тұрғын үй құрылысына жұмсалады. Тағы 2 млрд теңгесі инженерлік инфрақұрылымға бағытталады. Жалпы жыл аяғына дейін өңірде 280 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй салынады. Облыс орталығы мен 7 ауданда жиын саны 240 пәтерді пайдалануға беру жоспарда, деп хабарлайды khabar.kz.

Құрылыс қарқын алған ауылдың бірі – шалғай жатқан Шыңғырлау. Шыңғырлау – шағын аудан. Ауданда бар болғаны 15 мыңдай халық бар. Соның жартысына жуығы аудан орталығы Шыңғырлау ауылын мекендейді. Дегенмен тұрғын үй қорының тозуы мен соңғы жылдары халық санының көбеюі себепті мұнда баспана мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Бір ғана аудан орталығында 250-дей адам жердің кезегіне тіркелген. Ал 225 тұрғын баспанаға мұқтаждар есебінде. "Нұрлы жер" бағдарламасы осы түйінді жайттың оң шешімін табуын көздейді. Биыл тапсырылатын 35 үйдің әрқайсысы 82 шаршы метрлік. Құрылыс барысында отандық өнімдерге басымдық беріледі.
Шыңғырлау ауылында жуықта жеке тұрғын үй құрылысына арналған 78 жер телімі кезектегілерге берілмек. Бүгінде жарық, су желілері тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу