Әйгілі классик Шыңғыс Айтматовтың әпкесі Роза Айтматова жазушының 100 жылдық мерейтойын атап өтуге қарсылық білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Р. Айтматова мерейтойға бөлінген қаражатты халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға жұмсауды сұрап отыр. Себебі, осындай шаралар өткен соң қазынадан бөлінген қаражатты талан-таражға салды деп сотталып жататын жағдайлар тіркеледі.
"Мен "Шыңғыс Айтматовтың 100 жылдығына бөлінген қаражатты басқа да пайдалы іске жұмсауға болар еді" деген сөздер айтылатынына сенімдімін. Сондықтан алдын ала үкіметтен осы қаражатты қарапайым халықтың өмірін жақсартуға жұмсауды сұраймын. Оған, оның рухына деген шынайы құрмет – осы болар еді", – делінген үндеуде.
Сондай-ақ, Шыңғыс Айтматовтың дүниеден өткеніне 17 жыл толса да, оны сынайтындар әлі де табылатынын айта келе, жазушының рухын мазаламауға, оның есімін қорламауды сұрады.
"Шыңғысты асыра дәріптеудің де, қаралаудың да қажеті жоқ. Оның рухы байыз тапсыншы", – деді 89 жастағы Роза Айтматова.