Шыңғыс Әрінов отандық журналистерге қандай ұсыныс айтты?

396

Жаңадан тағайындалған ведомство басшысы шағын өрттер туралы ақпарат аз жазылу керек деген пікірде.

Шыңғыс Әрінов отандық журналистерге қандай ұсыныс айтты? Фото: Үкімет

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов тұрмыстық өрттер мен басқа да шағын төтенше жағдайлардың БАҚ-та жариялануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілші "Семейдегі Ақшың базарында болған өрт неден шыққаны туралы ақпарат бар ма?" деп сұрады.

"Өрттің шығу себебін тергеу тобы әлі анықтап жатыр. Біріншіден, өртті ауыздықтау неге созылып кетті дегенге келетін болсақ, өрт туралы ақпарат 20 минуттан соң ғана түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер базардағы күзеттің өртті өз күшімен сөндіруге тырысқанын анықтады. Одан кейін нысанда тауарлы-материалдық заттар болды. Бұл факторлар өртті ауыздықтаудың созылып кетуіне бастапқы әсер етті. Өрттің себебін тергеу тобы айтады", - деп жауап берді ТЖМ басшысы.

Осы тұста жаңадан тағайындалған министр қазақстандық журналистерге ұсыныс тастады. 

"БАҚ өкілдеріне тұрмыстық өрттер немесе басқа да айтулы емес жағдайлар туралы барлық елге хабарлаудың еш қажеті жоқ деген ұсыныс айтқым келеді. Біз тәулік бойы ақпаратты жариялау бойынша жұмыстарымызды әрі қарай да жалғастыра береміз", - деді Шыңғыс Әрінов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу