"Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын" - делінген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті;
Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, мамандығы "Құқықтану";
Азаматтық авиация академиясы, мамандығы "Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану".
2006-2022 жж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызмет.
2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
ІІ, ІІІ дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалімен және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл", "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.