Шыны зауытына қатысты түпкілікті шешім қабылданды

979

Шыны зауытына қатысты түпкілікті шешім қабылданды

Мемлекет басшысының Бейжің қаласында өткен "Бір белдеу, бір жол" халықаралық форумындағы кездесуі аясында қытайлық "Чайна Триумф" компаниясы мен "Orda Glass ltd" ЖШС арасында шыны зауытының құрылысын осы жылдың желтоқсанында аяқтау жөнінде меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Вnews.kz.

Одан бөлек, премьер-министр Б.Сағынтаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ағымдағы жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау үшін үшін мердігерлік шартқа қол қойылды. Бүгінде зауыттың 100% құралдары  құрылыс алаңына  әкеліп қойылды және құрастырылып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев облыстық мәслихаттың XIV сессиясында айтты.

Облыс басшысы өз есебінде қытайлық әріптестер екінші кезекте күн батареясына, смартфондар мен планшеттерге арналған экспорттық әлеуеті зор ультра жіңішке шыны шығару зауытының құрылысын тездетіп бастай беру жөнінде мәселе қойып отырғанын да жеткізді.

"Шыны зауыты құрылысының мәселесі "қолмен басқарылуда". Зауыттың құрылысын белгіленген мерзім ішінде аяқтау үшін біз қажеттінің барлығын жасап жатырмыз", – деді аймақ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу