Шыңжаң: Қытай Британияға қарсы санкция салды

1251

Бұған дейін Лондонға қарсы шектеу енгізілген еді.

Шыңжаң: Қытай Британияға қарсы санкция салды Фото: reuters.com

Қытайдың Сыртқы істер министрлігі Британияның тоғыз азаматына және төрт ұйымына қарсы санкция салды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми Бейжің Лондон Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағындағы адам құқығы туралы жалған ақпарат таратты деп отыр.

Санкция енгізілген адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне Қытайға кіруге тыйым салынады. Сондай-ақ тізімдегі адамдар мен компаниялармен Қытай азаматтары мен мекемелері ортақ бизнес жүргізе алмайды.

22 наурызда Қытай ЕО-ға санкция жариялаған еді. Еуроодақ Бейжіңді Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағында адам құқығын бұзды деп айыптап, ескерту жасаған еді.Шектеу 10 жеке тұлға мен төрт ұйымға енгізілді. 

Ұйғырлар – Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын түркітілдес ұлт. Олардың басым бөлігі ислам дінін ұстанады. Human Right Watch дерегі бойынша, Қытай билігі осы ұлттың өкілдерін "саяси қайта тәрбиелеу" лагерьлеріне қамап, бірнеше жыл қатарынан оларға қысым көрсетіп келеді.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың маусым айында Ақ үй басшысы Дональд Трамп ұйғырлардың құқығын қорғау туралы заңға қол қойған еді. Бұл құжат бойынша бірқатар қытайлық шенеунікке санкция салу жағы қарастырылған.

Ресми Бейжің болса, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып келеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу