Қытай Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан Такламакан шөлінде жаңа ірі энергетикалық база салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты KAZINFORM басылымына сілтеме жасап.
Жоба жоспарына сәйкес базада 8,5 ГВт күн электр станциясы мен 4 ГВт жел электр станциясы, қуаттылығы 5 гигаватт-сағат қосалқы энергия сақтау қоймалары және әрқайсысының қуаты 660 мегаватт 6 жылу электр станциясы болады.
Құрылыс жұмыстары үш-төрт жылға созылуы ықтимал.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу