Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында пышақпен қаруланған адамның шабуылынан сегіз адам, оның екеуі – лаңкес қаза болды, тағы 10 адам жараланды, деп хабарлады жергілікті билік. Бұл туралы "Интерфакс" жазып отыр.
Шабуылдың себебі айтылмайды. Полиция оқиға орнына санаулы минут ішінде келіп жетіп, шабуылдаушылардың екеуін атып, алтауын тұтқындаған.
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық облысында БҰҰ тарапынан террорлық ұйым болып танылған "Шығыс Түркістан ислам қозғалысы" әрекет етеді. Олар оқтын-оқтын терактілер ұйымдастырып, бүлік жасап тұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу