Шырша безендіремін деп биіктен құлаған мұғалім ауруханадан шықты

390

Мәселе заң аясында шешіледі.

Шырша безендіремін деп биіктен құлаған мұғалім ауруханадан шықты Фото: Біржан Ахмердің желідегі парақшасынан

Семейде шыршаны безендіру кезінде құлаған мұғалім ауруханадан шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл мәселемен қазір әкімдік айналысып жатыр. Бүгін таңертең ғана маған мұғалімнің сауығып шыққаны туралы хабар жетті. Мен бұл мәселені үнемі бақылуымда ұстап отырмын. Жазаланатын адамдар жазаланды. Расында да, бұл жағдай барлығына үлгі болуы керек", – деді министр Ғани Бейсембаев.

Сөзінше, 2019 жылы қабылданған заңның аясында мұғалімдерді өзінің мамандығына сай емес жұмыстарға тартуға болмайды. 

Осы мәселеге байланысты Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова да пікір білдірді.

"Егер ол азаматты жұмысқа тартқан кезде қосымша жұмыс туралы құжат болса, жұмыс уақытында тартылған болса, өндірістік жарақат деп танылады. Жұмысқа тартқанда шарт жасалған ба, жоқ па – сол анықталып жатыр. Егер де шартсыз тартылған болса, оны жұмысқа тартқан адамдар заңды бұзған", – деді Тамара Дүйсенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу